Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің міндетті шарты ретінде

2022 жылдың 01 қараша күні жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.


✅ 2022 жылдың 01 қараша күні «Ю. А. Гагарин атындағы № 14 орта мектеп» КММ базасында жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдеріне арналған «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің міндетті шарты ретінде» атты облыстық семинар өтті.
🔹Функционалдық сауаттылық білім беру үрдісіне айналды, оны игеру қазіргі әлемдегі адамның жетістігін көрсетеді. Мектеп педагогтары жаратылыстану-математикалық цикл сабақтарында функционалдық сауаттылықтың әртүрлі компоненттерін қалыптастыру мен дамытуда өз тәжірибелерін көрсетті.
🔹Семинардың бірінші бөлімінде тыңдаушылар үшін брейнсторминг өткізілді, оның барысында мұғалімдерге PISA (ЭЫДҰ есебі) халықаралық зерттеуіне сәйкес қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылығының заманауи дамуы туралы ақпарат берілді.
🔹Семинардың екінші бөлімінде педагогтар «Сабақтан тыс уақытта жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қолдану», «Шығармашылық идеяны білдіру», «Функционалдық сауаттылықтың негізі ретінде оқу», «Математикалық сауаттылық қиын немесе оңай» мастер - класстарының жұмысына тікелей қатысты. Материалды игеру тәжірибе арқылы өтті. Алынған қолданбалы білім-дағдылар мен тәжірибе, интерактивті формалар мен әдістерді мұғалімдер жұмыста қолдана алады.
🔹Педагог-шебер Л.Ж. Жалмуканова семинарға қатысу, педагогтардың белсенді жұмысы үшін жағдай жасау тәжірибесін ұсыну, оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты дамыту үшін тиімді педагогикалық технологияларды пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесін тарату әрбір тыңдаушының педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал етті.


Пікір жоқ
486 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 01.11.2022 в 09:44

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour