2022 жылғы 18 қарашада жас педагог қызметкерлерге арналған «Дарынды мұғалім - дарынды балаларға» атты республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
🔰2022 жылғы 18 қарашада жас педагог қызметкерлерге арналған «Дарынды мұғалім - дарынды балаларға» атты республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Бұл олимпиада мұғалімдерді дарынды балалармен жұмысты жандандыруға даярлау нысандарының бірі болып табылады, сондай-ақ жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Облыстық кезеңге 30 педагог қатысты:«Жас педагогтер» санатында - 23, «Тәлімгерлер» және «Психологтар» санаттарында - 7 педагог.
Өз қызметінің өзекті және іс жүзінде маңызды идеясын ұсынған үш педагог 2023 жылғы қаңтарда конкурстың республикалық кезеңінде біздің облысты таныстырады.


