Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

"Мектеп жасына дейінгі баланың тұлғасын дамытудың педагогикалық технологияларын қолдану"

СҚО мектепке дейінгі білім беру жүйесінің үздік тәжірибелері педагогикалық марафоны аясында 2022 жылғы 18 қарашада Шал ақын ауданы, Е. Бөкетов мектеп-гимназия базасында "Мектеп жасына дейінгі баланың тұлғасын дамытудың педагогикалық технологияларын қолдану" тақырыбы бойынша мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілеріне арналған облыстық семинар өтті.
 


🔰СҚО мектепке дейінгі білім беру жүйесінің үздік тәжірибелері педагогикалық марафоны аясында 2022 жылғы 18 қарашада Шал ақын ауданы, Е. Бөкетов мектеп-гимназия базасында "Мектеп жасына дейінгі баланың тұлғасын дамытудың педагогикалық технологияларын қолдану" тақырыбы бойынша мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілеріне арналған облыстық семинар өтті.
🔰Іс-шара барысында экскурсия ұйымдастырылды: қатысушылар инклюзияны қолдау кабинетіне, мұражайға, шағын орталыққа және мектепалды даярлық сыныптарына барды.
🔰Психологиялық тренинг жайлы ынтымақтастықты қамтамасыз етті. Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылардың назарында - мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын дамыту үшін Блум текшелері мен интерактивті ойындарды қолдану тәжірибесі, "Baby ақыл" авторлық әзірлемесінің тұсаукесері, математика сабақтарында сөйлеуді дамытуда ойын технологияларын және дамытушы модульдерді қолдану.
🔰Соңында педагогтер семинар бағдарламасы өзекті және мазмұнды екенін, кездесу педагогтердің шеберлігін арттырудың тиімді құралы екенін атап өтті.Педагогикалық марафонның кезекті күні пайдалы әрі қызықты өтті!


Пікір жоқ
342 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 18.11.2022 в 15:29

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour