Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

"Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз ету"

Бүгін, 2022 жылғы 21 қараша күні Мағжан Жұмабаев ауданының "Полудинка ОМ" КММ базасында СҚО мектепке дейінгі білім беру жүйесінің "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту - даму бағдарлары" атты озық тәжірибелерінің педагогикалық марафоны аясында педагог-психологтарға арналған "Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз ету" тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті.


🔰Бүгін, 2022 жылғы 21 қараша күні Мағжан Жұмабаев ауданының "Полудинка ОМ" КММ базасында СҚО мектепке дейінгі білім беру жүйесінің "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту - даму бағдарлары" атты озық тәжірибелерінің педагогикалық марафоны аясында педагог-психологтарға арналған "Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз ету" тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті.
🔰Семинар барысында психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері және жеке тұлғаны дамытудың маңызды шарты болып табылатын мектеп жасына дейінгі балалардың жағымды эмоционалдық әл-ауқатын құрудағы мектепке дейінгі ұйымдардың рөлі көтерілді.
🔰Семинардың практикалық бөлімінде педагог-психологтар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу бойынша табысты тәжірибе таратты, арт-терапия, қуыршақ терапиясы, дидактикалық материалдарды қолданатын әртүрлі ойын әдістері, церебральды ынталандыру әдістері және тағы басқалар сияқты жұмыс түрлерін қолданды.
🔰Қатысушылар білім беру іс-шарасының тәжірибеге бағдарланған сипатын және мектепке дейінгі педагогтардың осы мақсатты аудиториясы үшін кездесу тақырыбының өзектілігін атап өтті.


Пікір жоқ
430 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 21.11.2022 в 15:39

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер