Техникалық және кәсіптік білім беру қауымдастығының жұмыс жоспары аясында 24 қарашада Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Оқу процесінде заманауи жабдықтардың мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында облыстық семинар - практикум өтті.
Мастер-класстардың мақсаты тәжірибе алмасу бойынша белсенді өзара іс-қимыл мен кәсіби қарым-қатынасты ұйымдастыру негізінде қатысушылардың педагогикалық шеберлігін дамыту болып табылады. Іс-шараға 20-дан астам адам қатысты: әдіскерлер, өндірістік оқыту шеберлері, «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша облыс колледждерінің арнайы пәндер оқытушылары.
Іс-шара соңында қатысушылар колледждің шеберханалары мен зертханаларына барып, оқу процесінде қолданылатын заманауи жабдықтармен танысты.
Пікір жоқ
291 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 24.11.2022 в 17:05


