2022 жылғы 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысына Қазақстан Республикасының Білім министрі Асхат Аймағамбетов келді.

2022 жылғы 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысына Қазақстан Республикасының Білім министрі Асхат Аймағамбетов келді.

Жұмыс сапары аясында Петропавл қаласының "Алтын бесік" бөбекжай - бақшасында болып, «Мектепке дейінгі ұйымдар тобындағы екі мұғалім» республикалық пилоттық жобасымен таныс болды.

Тәрбиешілер пилоттық жобаның іске асырылу барысы туралы айтып берді, оған сәйкес күні бойы балалармен бір топта бір уақытта бір емес, бірден екі педагог айналысады. Олар бұл тәсіл тиімді екенін атап өтті, өйткені бірінші кезекте балаларға көп көңіл бөлінеді, мұғалімдердің жүктемесі азаяды, балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, балалар іс-әрекетінің түрлерін кеңінен ажыратуға мүмкіндік туды.

Тағы атап өтетін жағдай, СҚО-да бұл жоба екі мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылуда, олардың бірі-Қызылжар ауданының "Мирас" бөбекжай-бақшасы.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 25.11.2022 в 17:00