Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

2022 жылғы 25 қарашада облыстың әдістемелік қызметтер рейтингінде 1 орын алған Қызылжар ауданының әдістемелік кабинетінің тәжірибесін тарату бойынша «Тиімді әдістемелік кеңістік жүйесі өсу факторы ретінде» атты облыстық семинар өтті.

 2022 жылғы 25 қарашада облыстың әдістемелік қызметтер рейтингінде 1 орын алған Қызылжар ауданының әдістемелік кабинетінің тәжірибесін тарату бойынша «Тиімді әдістемелік кеңістік жүйесі өсу факторы ретінде» атты облыстық семинар өтті.


🔰 2022 жылғы 25 қарашада облыстың әдістемелік қызметтер рейтингінде 1 орын алған Қызылжар ауданының әдістемелік кабинетінің тәжірибесін тарату бойынша «Тиімді әдістемелік кеңістік жүйесі өсу факторы ретінде» атты облыстық семинар өтті.
Іс-шараның іске асырылған бай бағдарламасы ауданның жеңімпаз атанғанын растады. 10 секцияға қатысушылар: мектепке дейінгі білім беру, менеджмент, әдістемелік қызмет, инновациялық білім беру ұйымдарының басшылары, пән мұғалімдері, сондай-ақ психологиялық қызмет және тәрбие жұмысы интерактивті форматта әріптестерімен білім беру қызметінің сапасын арттырудың өзекті мәселелерін талқылады, оқыту мен тәрбиелеу процесінде авторлық олжалармен бөлісті. Аудан әдіскерлері педагогтармен және білім беру ұйымдарымен нәтижелі жұмыс жасаудың табысты тәсілдері туралы айтып берді.
Білім беру басшысы Н. А. Жашибековтың қатысуымен өткен пленарлық отырыс «еркін микрофон» форматында жұмыс тәжірибесімен шығармашылық және құзыретті өзара алмасуды қорытындылады.


Пікір жоқ
450 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 25.11.2022 в 17:10

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер