«Мектепке дейінгі ұйымдағы мереке және ойын-сауық сценарийін үздік әзірлеу» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Қазылар алқасының жұмысына барлығы 412 конкурстық материалдар келіп түсті.
Байқау келесі мақсатта өткізілді:
- педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін қолдау;
- педагог портфолиосын толықтыруға мүмкіндік беру;
- кәсіби педагогикалық шығармашылықты ынталандыру;
- педагогтердің кәсіби шеберлігі мен білім сапасын арттыру.
Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Гран-при: Петропавл қаласы «Солнышко» б/б музыкалық жетекшісі Ж. В. Лапшина;
1- орын: Жамбыл ауданы, Троицк ОМ тәрбиешісі Грозная И.А.;
2-орын: Аққайың ауданы У. М. Ахмедсафин атындағы Советская ОМ тәрбиешісі МДК тәрбиешісі Дүйсенбинова А. К.;
2- орын: Уәлиханов ауданы «Балдәурен» б/б тәрбиешісі Адыкенова Р. Е.;
3- орын: Петропавл қаласы «Нұр бөбек» б/б музыка жетекшісі Терехова А.И.;
3-орын: Шал ақын ауданы «Балауса» ш/о тәрбиеші Аубакирова Б.К.;
3-орын: Петропавл қаласы «Балауса» ш/о тәрбиешісі Әбдірахиева А. Т.
Конкурс талаптарына жауап беретін педагогтердің әзірлемелері электрондық жинақта жарияланды, ол келесі күні БСӘЖжАТО сайтында орналастырылады.
Пікір жоқ
670 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 28.11.2022 в 17:53


