Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының бастамасымен 12 желтоқсанда Шал ақын ауданы Ақан-Барақ орта мектебінің базасында
Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының бастамасымен 12 желтоқсанда Шал ақын ауданы Ақан-Барақ орта мектебінің базасында "Кәсіби желі жағдайында педагогтің зерттеу мәдениетін жандандыру" тақырыбында аймақтық диалог алаңы өтті.Семинарға Тимирязев, Есіл және Шал ақын ауданының 50-ден астам педагогтары қатысты. Семинар барысында педагог-зерттеушілер Сабақты зерттеу негізінде педагогикалық практиканы жақсарту бойынша жұмыс тәжірибесін көрсетті. Семинар қорытындысы бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар әзірленіп, осындай іс-шараларды өткізуді жүйелеу туралы ұсыныс шығарылды.


