Облыс әкімінің кубогына арналған пікірсайыс турнирі туралы ақпарат.
2022 жылдың 24 желтоқсанында онлайн форматта оқушылар арасында облыс әкімінің кубогына арналған «Солтүстік Қазақстан дарыны» дебаттық турнирі өтті. Турнирге аудандардан, қаладан және облыстық білім беру ұйымдарынан 32 команда қатысты.
Турнирдің мақсаты: қазақстандық патриотизмді, өскелең ұрпақтың азаматтығын қалыптастыру және республикадағы мектептегі пікірталас қозғалысын дамыту, насихаттау, қолдау.
Пікірсайысшылар екі лигада — мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті. Пікірталас барысында дебюттік раундтарда Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметінің өзекті мәселелері, ел азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттері талқыланды.
Қазақ лигасындағы турнир қорытындысы бойынша:
1 орын-Қызылжар ауданының «Парасат» мектеп-лицейі» КММ «Сұңқар» командасы;
2 орын – Мамлют ауданының «Бексейіт ОМ» КММ «Самұрық» командасы;
3 орын-Шал ақын ауданы «Қазақ ОМ» КММ «Ел жаңғырлары» командасы;
Үздік спикер-Елеутай Аружан, 10 сынып оқушысы «Ж.Тәшенов ат. №20 ОМ» КММ Петропавл қ.
Үздік судья-Мыңбай Әлфараби Хусанұлы «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастармен жұмыс жөніндегі маманы.
Орыс тілі лигасындағы турнирдің қорытындысы бойынша:
1 орын- «ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ «ЛОРД 1» командасы;
2 орын – «Digital Urpaq» оқушылар сарайы» МКҚК «Жалын аталар» командасы;
3 орын – Петропавл қ. «Бірінші IT-лицей» КММ «Дориан Грей» командасы;
Үздік спикер-Климов Данила, «ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ 10 сынып оқушысы;
Үздік судья-Тайынша ауданы «Яснополянка ОМ» КММ директоры Червинский Виталий Геннадьевич.
Пікір жоқ
380 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 26.12.2022 в 17:30


