Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

«Жаңа буынның үздік мектеп кітапханасы-2022»

Облыстық қашықтық конкурсының қорытындысы шығарылды...


🔰 «Жаңа буынның үздік мектеп кітапханасы-2022»
облыстық қашықтық конкурсының қорытындысы шығарылды
«Оқу мектебі» жобасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ мектеп кітапханашыларының мәртебесін арттыру, оқу сапасын, оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін кітапхана саласындағы инновациялық технологияларды қолдау мақсатында «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ жыл сайынғы «Жаңа буынның үздік мектеп кітапханасы» облыстық қашықтық конкурсын өткізді.
Байқаудың мақсаты: шығармашылық, «уақытпен қатар жүретін» кітапхана мамандарын іздеу, кітапханалар арасында тиімді жұмыс тәжірибесін тарату.
Байқауға екі номинация кірді: «Жаңа буынның үздік мектеп кітапханасы», «Солтүстік Қазақстан облысының үздік кітапханашысы».
«Солтүстік Қазақстан облысының үздік кітапханашысы» номинациясының жеңімпаздары (жоғары кәсіби деңгейі, құзыреттілігі, кітапхана жұмысындағы инновацияларды дамытқаны үшін):
Диплом Гран-при - Ерсайынова Диана Кармановна, «БЭСТ» гимназиясы» КММ кітапхана меңгерушісі;
I дәрежеліи диплом - Коваленко Елена Анатольевна, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның «Пескин орта мектебі» КММ кітапханашысы;
III дәрежелі диплом– Тиунова Олеся Викторовна, «Кондратовка орта мектебі» КММ кітапханашысы,
- Потапцева Наталья Александровна, Қызылжар ауданының «Рассвет орта мектебі» КММ кітапханашысы;
- Нұрсуитова Әлия Амангелдіқызы, Мамлют ауданының «Бексейіт негізгі мектебі» КММ кітапханашысы.
«Жаңа буынның үздік мектеп кітапханасы» номинациясының жеңімпаздары (кітапхана жұмысына инновацияларды сәтті енгізгені, заманауи медиа ортаны құрғаны үшін):
I дәрежелі диплом – «Бест» гимназиясы» КММ кітапханасы, кітапхана меңгерушісі - Ерсайынова Диана Кармановна;
II дәрежелі диплом - Мамлют ауданының «№2 Мамлют орта мектебі» КММ кітапханасы, кітапханашы-Елдышева Светлана Сергеевна;
III дәрежелі диплом– Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның «Буденновка орта мектебі» КММ кітапханасы, кітапханашы -Погорельцева Ольга Михайловна;
- Аққайың ауданы «Ө. М. Ахмедсафин атындағы Совет орта мектебі» КММ кітапханасы, кітапханашы-Қанафина Айман Мұратқызы;
– Тайынша ауданының «№1 Чкалов орта мектебі» КММ кітапханасы, кітапханашы-Надежда Теофильевна Понятовская.
Қазылар алқасы кітапхана жұмысының жоғары стандарттарын сақтағаны және кітапхананың кәсіби құзыреттілігі үшін дипломдармен марапатталды:
- «Дәуқара орта мектебі» КММ, кітапханашы - Мажикеева Жанна Николаевна;
- Айыртау ауданының «Лобановка орта мектебі" КММ, кітапханашы-Қалымжанова Назгүл Амантайқызы;
- Қызылжар ауданының «Кондратовка орта мектебі» КММ, кітапханашы - Тиунова Олеся Викторовна.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен шығармашылық идеялар тілейміз!!!


Пікір жоқ
508 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 29.12.2022 в 16:05

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер