Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

2023 жылғы 6 қаңтарда Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығында 2020 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде еңбек ұжымы кеңесінің атқарған жұмысы туралы есеп беру жалпы жиналысы өтті.

 2023 жылғы 6 қаңтарда Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс...


🔸 2023 жылғы 6 қаңтарда Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығында 2020 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде еңбек ұжымы кеңесінің атқарған жұмысы туралы есеп беру жалпы жиналысы өтті.
Орталық директоры Р. С. Сәркен жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынаста біріктіруші рөл атқаратын Еңбек ұжымы кеңесінің қоғамдық бірлестігін құрудың маңыздылығын атап өтті. Осы жылдары атқарылған Кеңестің жұмысына табыс тілеп, алғысын білдірді. Бұдан әрі қаржылық мәселелер бойынша И. А. Өтегенова есеп берді. Кеңес Төрағасы жұмыс беруші мен Еңбек ұжымы кеңесі арасындағы бірлескен жұмыс орталықтың мәртебесін өзара құрметтеуге және нығайтуға негізделгенін атап өтті.
Жиналыс барысында Еңбек ұжымы кеңесінің құрамын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізілді. Әрбір мүшелікке ұсынылған ұміткерлер бойынша ашық дауыс беру өткізілді.
Соңында Кеңестің жаңа құрамына нәтижелі жұмыс атқаруға тілек білдірілді.


Пікір жоқ
457 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 06.01.2023 в 18:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер