2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысының 44 мектепке дейінгі ұйымдары мемлекеттік аттестаттауға жатады...
Облыстық «Тірек» жобасын іске асыру аясында 2023 жылдың 9 қаңтарында мектепке дейінгі ұйымдар мен әдістемелік кабинеттердің меңгерушілерімен, әдіскерлерімен онлайн – кеңес өтті. Диалог барысында қатысушылар білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстарды талқылады.
Педагогтердің назары уақтылы дайындық жұмыстарына, өзін-өзі бағалау материалдарын, растайтын материалдарды дайындауға аударылды.. Қатысушылар мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтудің табыстылығы бүкіл ұжымның сауатты жоспарланған қызметіне байланысты екенін атап өтті.
Пікір жоқ
309 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 10.01.2023 в 17:00


