Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА Президенті М.А.Тыныбаева қатысушыларды жобаның миссиясымен таныстырды, ауылдық мектеп мұғалімдері арасынан виртуалды педагогтарды даярлау бойынша білім беруді цифрландыру саласында Microsoft компаниясымен меморандум жасалғаны туралы айтты.
СҚО Білім басқармасының басшысы Н.А. Жашибеков құттықтау сөз сөйлеп, аталған жобаның аймақ үшін маңыздылығын атап өтті, өйткені облыс бойынша ШЖМ үлесі шамамен 80% құрайды.
Кеңес барысында Майкрософт компаниясының өкілдері А. Спасова және білім беру секторымен жұмыс жөніндегі менеджер Н. Нұрметова сөз сөйледі. Алғашқылардың бірі болып Microsoft платформасын енгізген Петропавлдағы «Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» директоры Д. Уәлиев өз тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара соңында ҰБА президенті М.А. Тыныбаева жобаның барлық қатысушыларына қойылған міндеттерді іске асыруда сәттілік тіледі.
Пікір жоқ
513 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 19.01.2023 в 15:54


