2023 жылдың 24 қаңтарында «Білім басқармасы» КММ мен
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті меморандумы аясында «Оқушылар сарайында» «Кәсіптік бағдар беру жәрмеңкесі» және Аризона университетінің, М.Қозыбаева атындағы СҚУ оқытушы-профессорлық құрамынмен кездесу өтті.
Оқушылар университетіміздің 7 факультеті ұсынылған, педагогикалық факультеттердің декандарынан қажетті ақпарат алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ түрлі мамандықтар бойынша буклеттер мен жадынамалар таратылды.
Шара бағдарламасының екінші бөлімінде «еркін микрофон» форматында диалог өтті. Баяндамашылардың сөзінен кейін оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық және нақты жауаптар алды.
Аризона университетінің өкілдері өз университеттерін таныстырып, Қозыбаев университетімен қандай бағдарламалар бойынша ынтымақтасатындарын айтты.
Пікір жоқ
435 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 24.01.2023 в 10:46


