Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

2023 жылғы 27 қаңтарда Петропавл қаласының «Н. К. Крупская атындағы №10 орта мектебі» КММ базасында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы жүйелі тәсіл» атты облыстық семинар өтті


🔰 2023 жылғы 27 қаңтарда Петропавл қаласының «Н. К. Крупская атындағы №10 орта мектебі» КММ базасында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы жүйелі тәсіл» атты облыстық семинар өтті.
🔰Семинарға облысымыздың қалалық және ауылдық мектептерінен 35 педагог қатысты. Семинар бағдарламасына үш блок кірді - олардың екеуінде шеберлік сабақтары мен демо-сабақтар көрсетілді. Педагогтар жоғары кәсібилігін, оқыту әдістемесін меңгергендігін көрсетті.
🔰Семинардың қорытындысы «Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» рефлексивті тренинг болды. Педагогтар өткізілген семинарға жоғары баға берді.


Пікір жоқ
323 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 28.01.2023 в 12:14

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер