Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

Республикалық Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі туралы ақпарат 2023 жылғы 28 қаңтарында ҚМУ «ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» базасында


💠 Республикалық Ұлттық пікірсайыс турнирінің
облыстық кезеңі туралы ақпарат
2023 жылғы 28 қаңтарында ҚМУ «ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» базасында, 9-11 сыныптар арасында Ұлттық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге аудан, қалалар мен облыстық білім беру ұйымдарынан 32 командасы қатысты.
Турнирдің мақсаты: Қазақстандық патриотизмді, өскелең ұрпақтың азаматтығын қалыптастыру және Республикадағы мектепішілік пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау, қолдау.
Пікірсайысшылар үш лигада – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Пікірсайыс раундтарындағы талқылаулар барысында Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметінің өзекті мәселелері, ел азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттері талқыланды.
Қазақ лигасындағы турнирдің қорытындысы бойынша:
1 орын -«Soz naiza» командасы Петропавл қ. «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ;
2 орын -«Итмұрын» командасы Петропавл қ. «НЗМ ХББ» АҚ;
3 орын - «Siblings» командасы Петропавл қ. «Digital Urpaq» оқушылар сарайы;
Үздік төреші- Конуратова Гауһар
Үздік спикер - Қасым Нұрай
Орыс лигасындағы турнирдің қорытындысы бойынша:
1 орын – «Дориан Грей» командасы Петропавл қ. «Digital Urpaq» оқушылар сарайы;
2 орын - «Жарқын» командасы Петропавл қ. «№ 27 орта мектебі» КММ;
3 орын - «Кочевники» командасы Шал Ақын ауданы «Е.А.Букетов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ;
Үздік төреші- Бекмағамбетов Қанат Искахович
Үздік спикер - Леонтьева Оксана
Ағылшын лигасындағы турнирдің қорытындысы бойынша:
1 орын – «Закарийя» командасы Петропавл қ. «Digital Urpaq» оқушылар сарайы;
2 орын –«LORD» командасы Петропавл қ. «ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ.


Пікір жоқ
344 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 28.01.2023 в 13:37

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер