Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ (АУДАНДЫҚ/ҚАЛАЛЫҚ) КЕЗЕҢІ


🔰 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ (АУДАНДЫҚ/ҚАЛАЛЫҚ) КЕЗЕҢІ
🔰Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңі басталды, ол ағымдағы жылдың 30 қаңтарынан 3 ақпанына дейін өтеді.
🔰Олимпиада 15 пән бойынша өткізіледі:
- жаратылыстану-математикалық бағыт - математика, физика, химия, биология, география, информатика;
- қоғамдық-гуманитарлық бағыт - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.
🔰Олимпиаданың екінші аудандық кезеңі классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде, өткізу кестесіне сәйкес, бір турда өткізілетін болады.
🔰Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өткізілетін болады.
🔰Олимпиаданың аудандық кезеңіне 3 258 оқушы қатысады. Олимпиада 16 тірек мектепте өтеді


Пікір жоқ
503 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 31.01.2023 в 13:56

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер