2023 жылдың 15 ақпанда Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы Петропавл қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО және Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп, «Lesson study: тиімді тәжірибеден табыс критерийлеріне апаратын жол» атты облыстық семинар-тренинг ұйымдастырады. Семинардың мақсатты аудиториясы - облыс орталығы мен аудандардың 31 білім беру ұйымдарының педагогтері. Семинарда инновациялық білім беру үрдісінде Lesson Study тәсілін қолдану арқылы педагогтердің тәжірибесін жетілдіруге баса назар аударылады. Алдағы кездесу диалогтік желіні құруға мүмкіндік береді: тәжірибелі тренерлер мектепте «Lesson Study» қолданудың теориялық аспектілерін ашады, педагог-практиктер тәсілді енгізу бойынша жұмыс жүйесімен бөліседі, қатысушылар әртүрлі педагогикалық жағдайларды шешу жолдарын анықтайды.


