Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

«Lesson Study: тиімді іс-тәжірибеден жетістік критерийлеріне»


🔰  Тиімді тәжірибе - табыс кілті
2023 жылдың 15 ақпанында Оқушылар сарайының мәжіліс залы педагогтерге толы. «Lesson Study: тиімді іс-тәжірибеден жетістік критерийлеріне» атты облыстық семинар-тренинг Солтүстік Қазақстан облысының педагогтерін өзінің өзектілігімен, заман талабына сай болуымен, зерттеу қызметі мәселелерінде дұрыс шешімдер табуға деген ұмтылысымен біріктірді. Тренинг алаңында «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ, «Өрлеу БАҰО» АҚ «СҚО бойынша КДИ», «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ, Петропавл қаласы мен аудандардың 31 білім беру ұйымдарының педагогтарымен бірге 16 жаттықтырушы бірлесе жұмыс жасады. 16 фокус-топтағы мұғалімдердің топтық жұмысы Lesson study-ді енгізудің өзекті мәселелерін талқылауға, әдіс теориясымен танысуға, сондай-ақ мотивацияға және оқытудағы қиындықтарға сыни тұрғыдан қарау қабілетін дамытуға ықпал ететін тәжірибелік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік берді. Жанды қарым-қатынас форматы, әр спикердің кәсібилігі, шабыты, әріптестерімен тәжірибе алмасуға деген ұмтылысы семинардың жемісті жұмысының табыстылығының кепілі болды. Семинар қорытындысы бойынша облыс мектептерінде зерттеу жұмыстарын сәтті енгізуге бағытталған ұсыныстар қабылданды.

https://www.youtube.com/watch?v=WoGqXTSlfD0&ab_channel=Biliktiustaz


Пікір жоқ
353 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 15.02.2023 в 11:07

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер