
2023 жылғы 30 наурызда Петропавл қ. «Бірінші гимназия» КММ базасында «Білім беру ұйымдарында тиімді профилактикалық қызметті жүзеге асырудағы психологиялық қызметтің рөлі» тақырыбы бойынша «Жүректен жүрекке» облыстық психологиялық қызмет қауымдастығының облыстық семинары өтті.

Семинарға білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің 50-ден астам мамандары (әдіскерлер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар) қатысты.

Семинар аясында М. Қозыбаев атындағы СҚУ, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің, Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының мамандары мен бірінші гимназияның психологиялық қызметінің педагогтары өзара іс-қимылдың тиімді тәсілдерімен, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік сүйемелдеу нәтижелерімен, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің өзекті мәселелерін шешу бойынша жалпы әдістемелік ұсынымдар әзірледі.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 30.03.2023 в 14:51