2023 жылғы 01 сәуірінде жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Облыстық кезеңге аудандық/қалалық іріктеуден өткен 48 оқушы иллюстрациялық сурет салу, зерттеу жобалары, мәнерлеп оқу және сахналық қойылым номинациялары бойынша қатысты.
Байқаудың мақсаты Ә. Кекілбаев шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, дарынды балаларды анықтау.
Нәтижесі «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы»КММ сайтында жарияланады.
https://www.facebook.com/cmirito/posts/934184644699518
https://www.facebook.com/cmirito/posts/934184644699518
Пікір жоқ
428 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 02.04.2023 в 15:34


