2023 жылдың 12 сәуірінде М.Қозыбаев атындағы СҚУ базасында ғылым қызметкерлері күніне арналған "Жастардың ғылыми ізденісі – ел болашағы" атты облыстық диалог алаңы өтті.
Іс-шара барысында педагогтердің ғылыми әлеуетін іске асырудағы өзекті мәселелері талқыланды, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру тәжірибесі ұсынылды, педагогикалық ғылым мен практиканың өзара іс-қимыл жүйесін құрудың өзекті мәселелері бойынша мектеп білімі мен жоғары мектептің ынтымақтастығын дамытудың мүмкіндіктері мен перспективалары қаралды.
Диалог форматында педагогтар колледж студенттерімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, оқушылардың ғылыми әлеуетін дамыту мәселелерін көтерді, балалармен ғылымға қалай келу керектігі туралы тәжірибе ұсынды. Оқушылар ғылыми жобалардың оқушылар мен әлемді қалай өзгертетінін, эмоционалды интеллект дегеніміз не және оның ғылыми ойлауға әсері туралы әңгімеледі. Іс-шара нәтижелі және мазмұнды болды. М.Қозыбаев атындағы СҚУ-мен өзара іс-қимыл қорытындысы бойынша конкурстар мен олимпиадалардың қазылар алқасы құрамында сараптамалық жұмыс атқарған университеттің 17 оқытушысы марапатталды.
Пікір жоқ
331 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 13.04.2023 в 13:30


