Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі 18-21 сәуір аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтеді. Олимпиадаға біздің өңірден 37 оқушы қатысады, оның ішінде Петропавл қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2 оқушысы. Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада өткізілетін орындарға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері қатысады. Олимпиада өткізу кестесіне сәйкес 2 турда өтеді. Іс-шара онлайн режимінде көрсетіледі, бейнебақылауға барлық сілтемелер «Дарын» РҒПО сайтында қолжетімді болады. Қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!


