Семинардың тәжірибелік бөлімінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим қазақ орта мектебі мен Калиновка орта мектебінің екі ресурстық орталығының педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті. География-химия, физика-информатика пәндерінен интеграцияланған ашық сабақтар; тарих және география, қазақ тілі, бастауыш сыныптар, математика пәндерінің мұғалімдері шеберлік сабақтарын өткізді. Магниттік мектептердің оқушыларымен де оқу-тәрбие бағытында жұмыстар жүргізілуде. Оқытушы-профессор өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар мектептің, интернаттың материалдық-техникалық жабдықталуын және ресурстық орталықтың жұмысын ұйымдастыру және оқушыларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.
Пікір жоқ
419 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 28.04.2023 в 11:17


