
2023 жылғы 4 мамырда СҚО өңірлік іс-шаралар тізбесі шеңберінде «№7 ОМ» КММ және «№8 ОЖББЭТМК» КММ базасында 6-8 сынып оқушылары үшін «Сенімді пайдаланушы» облыстық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деңгейін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игерудегі бастамаларын анықтауға бағытталған.

Бірінші іріктеу кезеңінің нәтижесінде облыс мектептерінің 90 оқушысы облыстық турға өтті. Сыныптар бойынша: 6 сынып – 33 оқушы, 7 сынып – 40 оқушы, 8 сынып – 17 оқушы қатысты.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 04.05.2023 в 11:18