Кездесу тақырыбы – «21 ғасырдың жас педагогы: «Білім берудегі жастық энергиясы», оның мақсаты жас әріптестерді кәсіби қызметтің барлық салаларына біртіндеп тартуды қамтамасыз ету, сондай-ақ үздіксіз өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін қалыптастыру және тәрбиелеу.
Іс-шараның міндеттері: жас мамандардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамыту, күрделі педагогикалық міндеттерді шешуге көмек көрсету, тиімді педагогикалық қарым - қатынас құруға үйрету, кәсіби қызметтің негізгі салаларында-коммуникативті, креативті, технологиялық жас педагогтардың құзыреттілігін қалыптастыру.
Жас мамандардың алдында қауымдастықтың 4 спикері сөз сөйледі, теориялық және практикалық тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ психологтар педагогтердің қолайлы көңіл-күйін қалыптастыру және бірлігі деңгейін арттыру үшін тренинг өткізді.
Отырыс аяқталғаннан кейін келесі оқу жылына жұмыс түрлері жоспарланған.
Әріптестерімізге сәтті демалыс және жаңа күш жинап, жаңа жетістіктерге, жеңістер мен жаңа белестерге жетулеріңізді тілейміз.
Пікір жоқ
405 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 15.06.2023 в 11:48


