18 тамызда Петропавл қ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы аясында Педагогикалық шеберлік орталығының аймақтық пәндік секциясы өтті: "Пәндік құзыреттілік - мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын фактор". Конференцияға облыстың 500 мұғалімі қатысты. Әдістемелік жұмыс орталығының директоры Саркен Роза Сәкенқызының сөзінде өткен оқу жылының әдістемелік қызметінің қорытындылары айтылып, педагогтар алдындағы жаңа жылға арналған негізгі мақсаттар белгіленді.
Пікір жоқ
368 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 18.08.2023 в 17:06


