
Бүгін мектептердің басқару командаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында кезекті вебинар өтті. Вебинар барысында мектепішілік бақылауды жүзеге асыру арқылы мектептегі білім беру сапасын басқару мәселелері талқыланды. МІБ-бұл мектептің сапалы жұмысының барлық көрсеткіштерін жақсарту мен қолдаудың тұрақты процесінің көрінісі. Вебинарға СҚО білім беру ұйымдары директорларының 60-тан астам орынбасарлары қатысты. Іс- шара спикерлері Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы жанындағы мектепішілік бақылауды ұйымдастыру нұсқаулығын әзірлеу жөніндегі республикалық жұмыс тобының мүшелері: Ахметова Салтанат Паналиевна Ақтөбе қаласындағы "Ақбөбек халықаралық мектебі" директорының әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары, Сейдинова Турсункул Андасбековна Шымкент қаласы N27 "Мәртөбе" жалпы орта білім беретін мектебі оқу ісі жөніндегі орынбасары.