⚜️18 қазанда «Білім берудегі инновациялық үрдістерді әдістемелік шешімдер призмасы арқылы сүйемелдеу жүйесі »семинары аясында «Заманауи талаптар аспектісінде облыстың білім беру ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз ету» атты секциялық отырыс өтті. Бұл семинарда облыстың әдіскерлерінің басын қосты. Семинар форматы әдістемелік қамтамасыз ету саласындағы үздік әзірлемелерді ұсынуға, инновациялық менеджмент бойынша тәжірибе алмасуға, білім беру ұйымдарын қолдаудың тиімді жолдарын ұсынуға мүмкіндік берді. Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ қатысушылар «Әдістемелік идеяларды ұйымдастырушы» ақпараттық-әдістемелік көрмесінің материалдарымен танысу арқылы инновациялық ортаға сусындады.Негізгі бөлімде спикерлер басшының орынбасарларына тәлімгерлік ету, цифрлық технологияларды енгізу, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру, бәсекелестік қозғалысты қолдау және дарынды балалармен жұмыс істеуге қатысты өзекті тақырыптарды ұсынды. Барлық мәселелер облыс мұғалімдерінің кәсіби өсуін әдістемелік қамтамасыз ету призмасы арқылы қарастырылды. Талқылау барысында бүгінгі таңда әдістемелік қызметтердің алдында тұрған заманауи мәселелердің тиімді шешімдері ұсынылды.Сондай-ақ әдістемелік кабинеттерге білім беру ұйымдарында инновациялық жобаларға бастамашылық ету, тиімділікті қолдау бойынша шаралар кешенін әзірлеу, олардың тиімділігін бақылау, тиімді тәжірибе алмасуға жағдай жасау, жоғары нәтиже беретін жобаларды ақпараттық қамту бойынша ұсыныстар берілді. Секция жұмысы қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды, олар талқыланған мәселелердің өзектілігін және айтылған шешімдердің практикалық екендігін атап өтті. Семинар өңірдегі білім беру ұйымдарындағы инновациялық үдерістерді қолдау мәселелерінде үлкен өзгерістердің бастауы болады деп сенеміз.


