Аймақтық семинар аясында «Жаратылыстану-ғылыми білім берудің сапасын арттырудағы заманауи тәсілдер» секциясында сөз сөйлеген аймақтағы тәжірибелі ұстаздар оқытудың заманауи белсенді әдістерін қолдану, функционалдық сауаттылықты дамыту, жасанды интеллект технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. Секцияға қатысушылар сабақта инновациялық технологияларды қолданудың, оның ішінде оқушылардың да, мұғалімдердің де цифрлық сауаттылығын, жалпы білім сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Пікір жоқ
327 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 19.10.2023 в 10:59


