Заманауи мұғалім уақытпен қатар жүру үшін үнемі кәсіби түрде жетілдіріліп отырады. Әр түрлі білім беру іс-шараларына қатысу мұғалімнің жеке дамуына ықпал етеді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің I Халықаралық форумы аясында 2023 жылдың 27 қазанында, аудандық кезеңінің 16 педагог жеңімпаздары облыстық олимпиадаға қатысты. Педагогтер жалпы орта білім берудің I сатысында оқу пәндерін оқыту әдістемесі бойынша тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ қатысушыларға мәтін бойынша оқушылардың оқу дағдыларын дамытуға тапсырмалар әзірлеу ұсынылды. Нәтижесінде әр мұғалім әзірленген дескрипторлар бойынша өз жұмысын қорғады.
Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады, олар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Олимпиаданың барлық қатысушыларына алғыс білдіріп, олардың асыл кәсібінде одан әрі табыс тілейміз.
I орын - Ким Ирина Григорьевна, Петропавл қ. «Дарын» мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі.
II орын - Литвиненко Ольга Николаевна, Жамбыл ауданы «И. П. Шухов атындағы жалпы білім беретін Преснов мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі
II орын - Франковская Виктория Сергеевна, Ақкайың ауданы «Добровольск негізгі мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі
III орын - Шестерик Татьяна Владимировна, Тимирязев ауданы «Сулы-Элеватор негізгі мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі
III орын - Бакеева Екатерина Валерьевна, «Покровка орта мектебі» КММ Мамлют ауданы бастауыш сынып мұғалімі.
Пікір жоқ
394 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 27.10.2023 в 15:54


