Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

8 қарашада «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының мазмұны бойынша сындарлы түсініктемелер беру бойынша техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері тобының отырысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің сайтында жарияланды.


⚜️ 8 қарашада «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының мазмұны бойынша сындарлы түсініктемелер беру бойынша техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері тобының отырысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің сайтында жарияланды.
Отырыс гибридті форматта өтті: қатысушылардың бір бөлігі оған бейнеконференция режимінде қосылды, ал бір бөлігі жеке қатысты. Қатысушылар саны 50 адамнан асты. Күн тәртібінде кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртумен байланысты: білім беру қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, оқытудың мазмұны мен әдістемелерін жаңарту, инновациялық технологиялар мен практикаларды енгізу, кадрлық резервті қалыптастыру және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру сияқты өзекті тақырыптар тұрды. Отырысқа қатысушылар кәсіптік білім беру жағдайын мониторингілеу және талдау нәтижелері бойынша Ұлттық баяндаманы талқылады, нормативтік базаны, білім беру сапасын бағалау тетіктерін жақсарту және білім беру ұйымдарын дамытуды қолдау бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтты.


Пікір жоқ
626 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 08.11.2023 в 16:40

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер