
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Алматы қаласында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының қорытынды туры өтті.

Конкурс оқу пәндерінің, элективті курстардың, арнайы курстардың және таңдау курстарының авторлық бағдарламаларын құратын үздік педагогтердің озық авторлық тәжірибесін анықтауға және таратуға бағытталған.

Біздің облыстан 7 педагог өз бағдарламаларын ұсынды. Қаржауова Жадыра Сабыржанқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 3-ші орын иеленді. Ипова Ақмарал Сүлейменқызы, химия, биология мұғалімі, Мейрамова Ғалия Маратқызы, физика және математика мұғалімі, Ткачева Елена Сергеевна, математика мұғалімі грамоталармен марапатталды.

Қатысушыларды байқаудың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 08.12.2023 в 16:57