Іс-шараның мақсаты - жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату арқылы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға мүдделі кәсіби қоғамдастықты дамыту.
Жұмыс аясында спикерлер «Ойыннан – білімге», «Асық терапиясы» көпфункционалды оқу құралдары, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу және танымдық дамуын байытуға бағытталған инновациялық технологияларды қолдану бойынша тәжірибе ұсынды. Іс-шараға қатысушылар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін, педагогтардың жұмыс тәжірибесін жинақтау мен таратуды талқылады.
Іс-шара соңында педагогтардың белсенді қатысуымен іскерлік ойын өткізілді.
Пікір жоқ
335 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 25.01.2024 в 15:22


