
2024 жылғы 3 мамырда "Цифрлық технологияларды еңгізу арқылы білім беру сапасын арттыру" Құзыреттілік Орталығы базасында "Жалпы білім беру жүйесінің мазмұнын трансформациялау жағдайында оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушы - "Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей" КММ педагогикалық ұжымы. Бірлесіп ұйымдастырушылар "Барлығына қолжетімді сапалы білім" Ұлттық баяндамасы аясында Жол картасы бойынша айқындалған Өсу нүктесі №5 орта мектептің педагогтері болды.

Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың цифрлық дағдыларының деңгейін арттыруға, педагогтер арасында тәжірибе алмасуға, үздік тәжірибелерді анықтауға және ұсынымдар әзірлеуге бағытталған тиімді оқыту стратегиясын құру.

Аталмыш шараға қашықтық форматта "Қала-ауылға"жобасы аясында Айыртау ауданы мектептерінің педагогтері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар барлық баяндамалардың өзекті, пайдалы екенін және заманауи білім беру ортасын цифрлық трансформациялаудың жаңа идеяларын бергенін атап өтті.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 04.05.2024 в 12:33