
«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Жол картасын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 20 мамырда әдістемелік сүйемелдеу көрсету бойынша облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері үшін вебинар өтті.

Қатысушылар жұмыс тобы әзірлеген «Балабақша - бастауыш мектеп» әдістемелік өнімімен, Айыртау ауданының «Колосок" б/б құзыреттілік орталығының жұмыс тәжірибесінен «Өсу нүктесі» жұмысының тетіктерімен, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша мектепке дейінгі білім берудің үздік тәжірибелерімен танысты.

Вебинарды қорытындылау барысында педагогтар өз пікірлерімен бөлісті және МДҰ-да жұмысты жетілдіру жолдарын белгіледі.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 20.05.2024 в 15:56