Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

⚜️ Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні кеңінен енгізу жөніндегі 2026–2029 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру мақсатында Орталық педагогтер қауымын заманауи цифрлық шешімдермен таныстыруға және оларды білім беру үдерісінде практикалық тұрғыда қолдану мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған кездесулер ұйымдастыруда.


⚜️ Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні кеңінен енгізу жөніндегі 2026–2029 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру мақсатында Орталық педагогтер қауымын заманауи цифрлық шешімдермен таныстыруға және оларды білім беру үдерісінде практикалық тұрғыда қолдану мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған кездесулер ұйымдастыруда.
Бүгінгі кездесу жалпы білім беретін мектеп директорлары мен жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізуге және тиімді пайдалануға ниетті педагогтерді AIQ компаниясының өкілдерімен бір алаңда тоғыстырды. Кездесуге «CyberFormula3» компаниясының директоры Мырзахан Ақерке Әлімжанқызы және «Amanat Asia» компаниясының жетекші менеджері Какимжанов Жанат қатысты.
Кездесу барысында компания өкілдері қатысушыларды заманауи EdTech шешімдерінің мүмкіндіктерімен таныстырып, жасанды интеллект платформасын практикалық тұрғыда қолдану жолдарын көрсетті. Сонымен қатар мектептерді цифрлық трансформациялаудың перспективалары туралы ақпарат берді.
Ең бастысы — жасанды интеллект платформасын енгізу тәжірибесін сынақтан өткізу үшін 4 пилоттық мектеп анықталды.
Бұл — жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін талқылаудан оны білім беру тәжірибесінде нақты қолдануға бағытталған маңызды қадам.
Алда — тәжірибелік сынақтар, жаңа әдістерді меңгеру, тәжірибе алмасу және алғашқы нәтижелер.
 
⚜️ В рамках Года цифровизации и искусственного интеллекта, а также реализации Комплексного плана по широкому внедрению искусственного интеллекта в систему среднего образования Северо-Казахстанской области на 2026–2029 годы Центр организует встречи, направленные на знакомство педагогического сообщества с современными цифровыми решениями и возможностями их практического применения в образовательном процессе.
Сегодня встреча объединила директоров общеобразовательных школ и педагогов, готовых осваивать и внедрять искусственный интеллект в образовательный процесс, с представителями компании AIQ: директор компании CyberFormula3 - Мырзахан Ақерке Әлімжанқызы и ведущий менеджер компании Amanat Asia - Какимжанов Жанат.
В ходе встречи представители компании ознакомили участников с возможностями современных EdTech-решений, продемонстрировали практическое применение ИИ-платформы и рассказали о перспективах цифровой трансформации школы.
И самое главное — определены 4 пилотные школы, на базе которых будет апробировано внедрение ИИ-платформы.
Это важный шаг от обсуждения возможностей искусственного интеллекта к его реальному применению в образовательной практике.
Впереди — апробация, новые практики, обмен опытом и первые результаты.
 


Пікір жоқ
6 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 09.09.2026 в 11:04

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер